Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында полициядан қашқан жүргізуші екі адамды қағып өлтірді (ВИДЕО)

Құқық
Алматы облысында полициядан қашқан жүргізуші екі адамды қағып өлтірді (ВИДЕО)

Іле ауданында жүк көлігі жүргізушісі жылдамдықпен автобус аялдамасына соғып, екі адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтің хабарлауынша, 12 мамырға қараған түні Байсерке ауылын патрульдеу кезінде «Бүркіт-35» экипаж қызметкерлері ЗИЛ-131 автокөлігінің жүргізушісі мас хәлде болуы мүмкін деп күдіктенеді. Жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлерінің «тоқта» деген талабын елемей, керісінше қашып құтылуға тырысқан. Салдарынан жүк көлігін басқарған 49 жастағы ер адам автобус аялдамасын жылдамдықпен келіп соққан. Аялдамада тұрған екі адам оқиға орнында көз жұмды, тағы үшеуі түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Медициналық сараптаманың нәтижесіне сәйкес құқық бұзушы көлікті орта дәрежедегі мас күйінде басқарған.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Қазір екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото: naryntany.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу