freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында сталкинг дерегі бойынша күдікті ұсталды

Қоғам
Алматы облысында сталкинг дерегі бойынша күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Күзден бері танысына тыныштық бермей, қудалаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 31 жастағы азаматша арызбен жүгінген.

Оның айтуынша, 2025 жылдың күзінен бастап бір ер адам оның еркіне қарсы жүйелі түрде қудалап, бірнеше рет қоңырау шалып, хабарламалар жіберген, кездесуге тырысқан әрі қорқыту сипатындағы сөздер айтқан.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы - «Сталкинг» бойынша материалдар тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу бөлімшесінің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде қылмыстық іс қысқа мерзімде - 2 сағат 35 минут ішінде аяқталып, сотқа жолданды, - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.

Сот талқылауының қорытындысы бойынша күдікті кінәлі деп танылып, 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасына кесілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу