Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда 2025 жылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті

Спорт
Алматыда 2025 жылғы маусымның соңғы  City Run мәрелік жарысы  өтті
© Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен City Run жарысы өтті, ол 2025 жылғы өзінің жүгіру маусымын қорытындылады деп хабарлайды malim.kz тілшісі.

16 қарашада Алматыда 20 елден келген 2 500 қатысушы жиналған маусымның мәрелік жарысы өтті.

Жүгірушілердің қатарында мегаполистің тұрғындары мен қонақтары, соның ішінде Щучинск қаласынан 91 жастағы Салиха Зигангерова және алматылық  88 жастағы Дузу Мавлютова болды. Мәреге жеткендердің барлығы естелік медальдар алды.

Алматы – AIMS халықаралық іс-шаралары өтетін Қазақстандағы жалғыз қала: City Run 2025 жылғы маусымды аяқтады

2025 жылғы жүгіру маусымы 40 мыңнан астам қатысушының басын қосты, олардың  18 мыңға жуығы әйелелдер, өткен жылмен салыстырғанда  олардың саны 20% -көп болды. Сондай-ақ тіркелген  шетелдік қатысушылар қатары  да ұлғайған.

Алматы – AIMS халықаралық іс-шаралары өтетін Қазақстандағы жалғыз қала: City Run 2025 жылғы маусымды аяқтады

Маусымның маңызды оқиғасы 60 елден 16 149 қатысушыны жинаған 14-ші Almaty Marathon болды. Биыл  жүгіру жолының  негізгі рекордтары жаңартылды: ерлер – 2:19:38, әйелдер – 2:41:24. Алғаш рет 1500 адам 42,2 шақырым марафон қашықтығын игерді.

Алматы жарыстары AIMS  халықаралық марафондары мен жүгіру жарыстарының  күнтізбесіне енген еліміздегі жалғыз қала.

Алматы – AIMS халықаралық іс-шаралары өтетін Қазақстандағы жалғыз қала: City Run 2025 жылғы маусымды аяқтады

Мұндай көпшілік  іс-шаралар қалалық спорт мәдениетін нығайтады, бұқаралық спортты дамытады және жергілікті бизнесті қолдайды. Зерттеу деректері бойынша, демалыс күндері өтетін марафонға қатысушылар екі күнде шамамен 8 млн теңге жұмсайды екен. Ал серіктес компаниялардан түскен салық соңғы төрт жылда үш есеге жуық – 318,9 млн теңгеден 873,9 млн теңгеге дейін өскен. Қала сыртындағы жүгірушілердің 80%-ға жуығы Алматыға қайта  келуді жоспарлап отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу