Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда автобус жүргізушісі жолда қайтыс болды

Оқиға
Алматыда автобус жүргізушісі жолда қайтыс болды
Фото Depositphotos.com

Алматыда №92 автобус жүргізушісі қайтыс болды. Алдын ала дерек бойынша, ер адамда жедел миокард инфаркті болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 25 қаңтар күні Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында, автобус бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған сәтте болған.

«Жүргізушінің жағдайы кенеттен нашарлады. Жолаушылардың бірі жедел әрекет етіп, жүргізуші кабинасына кіріп, тежегіш педальды басты. Соның арқасында ықтимал салдардың алдын алу мүмкін болды», – деп хабарлады «Алматыэлектротранс» компаниясы.

Жолаушылар жедел жәрдем шақырған, алайда оқиға орнына келген дәрігерлер жүргізушінің қайтыс болғанын анықтаған. Алдын ала диагноз – жедел миокард инфаркті. Жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ екені нақтыланды.

Автопарк өкілдерінің айтуынша, жүргізуші рейске шығар алдында медициналық тексеруден өткен.

«Жүргізуші міндетті рейс алдындағы медициналық тексеруден сағат 06:10-да өтті, автобус сағат 06:24-те техникалық тексеруден өтті. 25 қаңтар жүргізушінің 2/2 кестесіне сәйкес маршруттағы алғашқы жұмыс күні болған», – делінген жауапта.

Қайғылы жағдайдан кейін оқиға орнына Әуезов ауданының жол полициясы басқармасының қызметкерлері келген. Автобусқа техникалық зақым келмеген. Тергеу шаралары жүргізілген соң көлік автопаркке жеткізілген.

55 жастағы жүргізуші компанияда 2023 жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеген. Мәліметке сәйкес, ол диспансерлік есепте тұрмаған және бұған дейін денсаулығына шағымданбаған.

«Жүргізушінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Компания құқық қорғау органдарына толық қолдау көрсетіп, қолданыстағы заңнама аясында отбасыға көмек көрсетуге дайын», – деп қосты ұйым өкілдері.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу