freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда ер адам дәрігерлерді пышақпен қорқытқан

Құқық
Алматыда ер адам дәрігерлерді пышақпен қорқытқан
Ашық дереккөз

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты агрессия көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Желіде оқиға кезінде түсірілген видео тарады.

Полицияның мәліметінше, оқиға Жетісу ауданында болған. Шақырту бойынша келген жедел медициналық көмек бригадасын науқастың мас күйдегі ұлы қарсы алып, өзін агрессивті ұстаған. Ол дәрігерлерді пәтерде қамап, қорқытып, айналадағыларға қауіп төндіретін заттарды көрсеткен.

Медициналық қызметкерлер оқиға орнынан әрең шығып үлгерген. Алайда ер адам оларды пышақпен қуып, қудалауын жалғастырған.

Аталған факті бойынша Алматының Жетісу ауданы полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 380-3-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

— Құқық бұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Полиция өкілдері қызметтік міндетін атқарып жүрген жедел қызмет мамандарына қатысты кез келген агрессия мен қорқыту әрекеттері заңмен қудаланатынын ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Қылмыстық кодекстегі медицина қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолдану мен қорқыту әрекеттері үшін жазаны күшейту туралы өзгерістер күшіне енгенін жазғанбыз.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу