freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда кафеде өрт шығып, 15 адам эвакуацияланды

Қоғам
Алматыда кафеде өрт шығып, 15 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

Алматының Бостандық ауданында кафе өртенді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өрт туралы ақпарат «112» пультіне келіп түскен.

Оқиға орнына ТЖМ-нің өрт сөндіру бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жедел жетті.

Құтқарушылар бір қабатты кафенің ас бөлмесінде төбе жабындысы мен сөрелердің жанғанын анықтады. Кафе екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйге жапсарлас орналасқан.

Өртті сөндіруге газ-түтіннен қорғау қызметінің бірнеше буыны жұмылдырылды. Тұрғын үйден 15 адам эвакуацияланды.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу