freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда мейрамханада әйелді балағаттаған шетелдік 5 күнге қамалды

Құқық
Алматыда мейрамханада әйелді балағаттаған шетелдік 5 күнге қамалды
Фото: видеодан скрин

Алматы мейрамханаларының бірінде түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Kazinform.kz жазуынша, онда ер адамның көрші үстелде отырған әйелге балағат сөздер айтқанын көруге болады. Алматы қалалық Полиция департаменті ер адамның аты-жөні анықталғанын хабарлады. Құқық бұзушы Қазақстан азаматы емес, Канада азаматы.

- Азаматтығына немесе мәртебесіне қарамастан, Қазақстан аумағында заң талаптары баршаға ортақ. Ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен Канада азаматына 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды, - деп хабарлады департаменттен.

Полиция еліміздің аумағында жүрген әрбір адам заң талаптарын сақтап, айналасындағыларды құрметтеуге міндетті екенін ескертті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу