Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда оқушы қызға тиіскен адам ұсталды

Оқиға
Алматыда оқушы қызға тиіскен адам ұсталды
Фото: видеодан кадр

Алматыда мектеп маңында оқушы қызға тиіскен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адам 13 жастағы мектеп оқушысына алдымен 100 мың теңге, кейін 300 мың теңге ұсынып, өзімен бірге кетуге үгіттегені байқалады. Оқиға №50 мектептің жанында болғаны айтылған.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.

«Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген полиция таратқан хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін аялдамада ер адам 13 жастағы оқушы қызға өзімен бірге таксиге отырып кетуді ұсынған. Қыз бала бас тартқан кезде, ол 100 мың теңге беремін деген, кейін соманы 300 мың теңгеге дейін көтерген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу