Алматының Бостандық ауданындағы Мынбаев көшесінде өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт екінші қабаттағы пәтердің балконынан басталып, жапсарлас көкөніс дүңгіршегіне және үшінші қабаттағы пәтердің балконына тараған.
ТЖМ құтқарушылары өртті оқшаулап, толық сөндірді. Екінші қабаттағы пәтерден 1959 жылы туған әйел медициналық мекемеге жеткізілді.
Өрттің шығу себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.