Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда сарбаз үшінші қабаттан секіріп кетті

Қоғам
Алматыда сарбаз үшінші қабаттан секіріп кетті

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы хабарлағандай, оқиға 4 қазанда №5571 әскери бөлімінде болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Жарақат алған әскери қызметші Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Ведомствоның мәліметінше, сарбазда «бейімделу бұзылысы» диагнозы қойылған – ол бұған дейін жақын туысын жоғалтқан және әскери-дәрігерлік комиссияның (ӘДК) шешімін күтіп жүрген.

«Бейнебақылау жазбалары оқиғаға бөгде адамдардың қатысы жоқ екенін көрсетті. Қызметтік тексеріс тағайындалды, мән-жай анықталуда», - делінген хабарламада.

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу