Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда тұмау мен ЖРВИ-ға шалдыққандар көбейді

Денсаулық
Алматыда тұмау мен ЖРВИ-ға шалдыққандар көбейді

Алматыда бір аптада 18 524 адам жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан, - деп хабарлайды Malim.kz.  

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, мегаполисте ЖРВИ сырқаттанушылық бойынша маусымдық ұлғаю байқалады.

Бір аптада жедел респираторлық вирустық инфекцияның 18 524 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші — 808,02. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға төмен, бірақ алдыңғы аптамен салыстырғанда 28,5%-ға жоғары (13 244 жағдай).

Жаңа эпидемиялық маусым басталғалы 263 084 жіті респираторлық вирустық инфекция жағдайы тіркелді.

Қараша айының ортасынан бері тұмаудың 106 расталған жағдайы тіркелді. Оның 96- сы А/H1N1 типті. Қалған 10 науқаста тұмаудың В түрі анықталған. Барлық пациентке емдеу тағайындалды, жағдайы қанағаттанарлық, — дейді Әсел Қалықова.

Айтуынша, қалада риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирус байқалады.

Фото: gov.kz 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу