freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыдағы колледж мұғалімі студентіне оқ атқан

Құқық
Алматыдағы колледж мұғалімі студентіне оқ атқан
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Алматыдағы колледждердің бірінде түсірілген видео қызу талқылануда. Видеода студент басының үстінде нысананы ұстап тұрады, ал оқытушы оған мылтықпен көздеп оқ атқан. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Желідегі тараған ақпаратта оқиғаның Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде, алғашқы әскери дайындық (АӘД) сабағы барысында болғаны айтылған.

“Сабақ барысында оқытушы студенттерді мылтықтың нысанасында тұруға мәжбүрлеген. Мұндай әрекеттер оқу үдерісіндегі қауіпсіздік талаптары мен педагогикалық этиканы өрескел бұзу болып есептеледі”, – дейді видео авторлары.

Жағдайға қатысты колледж басшылығы ресми мәлімдеме жасады. 

“Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде сабаққа қатысы жоқ оқиға орын алды. Оқытушының топпен бейресми қарым-қатынасы барысында штаттық оқ-дәрілер қолданылмай, жұмсақ затты (мақта) пайдалану арқылы пневматикалық мылтықтан оқ атылған, ешкімге зиян келтірілмеген. Аталған әрекеттер оқыту әдісі де, жазалау түрі де емес. Колледж әкімшілігі педагогикалық этика мен қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылғанын мойындайды”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында мектеп дәлізінде балта ұстап жүгірген оқушы екі сыныптасын жаралағаны туралы жазған едік. Артынша соттың оқушыны үйқамаққа жіберсе де, мектепке баруына рұқсат бергені белгілі болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу