Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Оқиға
Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, 31 наурызда Астана уақытымен сағат 12:25-те жер сілкінісі тіркелген.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 178 шақырым қашықта орналасқан", – деп жазылған хабарламада.

Қазақстан аумағында жер асты дүмпуі сезілген жоқ.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты мәліметінше, магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісінің эпицентрі Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 52 шақырым қашықта орналасқан.

Қырғызстанның елді мекендеріндегі жер сілкінісінің қарқыны:

Қарағай-Бұлақ ауылы – 3,5 балл,

Бішкек – 2,5 балл.

Фото: istockphoto.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу