Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматылық тасымалдаушы автобус жүргізушілерінің жұмысын көбейтіп, демалдырмаған

Құқық
Алматылық тасымалдаушы автобус жүргізушілерінің жұмысын көбейтіп, демалдырмаған

Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуратурасы қаланың ең ірі жолаушылар тасымалдаушысының еңбек заңнамасын бұзғандығын анықтады. Компания 1656 автобус жүргізушісінің конституциялық құқықтарына нұқсан келтірген, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы қаласы прокуратурасының мәлімдеуінше, тасымалдаушы компания жүргізушілерге үстеме жұмыстардың шекті саны арттырған, ауысымаралық демалыс ұзақтығын қысқартқан және жүргізушілерге демалыс күндерін бермеген.

Тасымалдаушының мұндай әрекеттері жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер етеді және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Талдау нәтижелеріне сәйкес тасымалдаушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды, қадағалау актісі бойынша жіберілген заңбұзушылықтар жойылды, жұмысшылардың еңбек құқықтары қалпына келтірілді, деп жазылған прокуратура ақпаратында.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу