Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматылықтар жыл басталмай жатып 25 млрд теңгесінен айрылған

Құқық
Алматылықтар жыл басталмай жатып 25 млрд теңгесінен айрылған

Алаяқтар Алматы қаласы тұрғындарына 25 млрд теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қалада жыл басынан бері 9 мыңнан астам алаяқтық дерегі тіркелген. Қайталанатын қылмыстық әрекеттердің салдарынан азаматтар 25 миллиард теңгеден астам қаржысынан айрылған.

Тергеу басқармасы көп эпизодты үш қылмыстық істі қарастырды. Зардап шеккендердің саны 300-ден 1400 адамға дейін жеткен. Екі қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Ал үшінші іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жедел ахуалды тұрақтандыру мақсатында полиция халықпен тығыз жұмыс істеуге көшті, деп жазылған полиция хабарламасында.

Фото: freepik.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу