Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматының ауа сапасы жіті бақылауда

Экология
Алматының ауа сапасы жіті бақылауда
© gov.kz

Ұшақтың Алматы әуежайына төмендей бере түсірілген фотоларды желіде жиі көреміз. Түтін тұмшалаған қаланың суреттерін түрлі жоритындар бар. Біреулер сынға алса, біреулер себебін түсіндіріп жатады.

Дәл сол уақытта, Алматының ауа сапасы әкімдік тарапынан мұқият бақылауға алынған. Қоғамдық ұйымдар мен жекелеген белсенді азаматтардың есепхаттарын былай қойғанда, Алматы қаласы әкімдігі тарапынан экологиялық ахуалың қазіргі күйін ұдайы қадағалап отырады.

1 желтоқсан күні Алматының атқарушы органдары ауаның ластануын төмендетуге және көлік паркін жаңартуға бағытталған жаңа ережелер енгізді. Қазір осы ережелер негізінде атмосфераны қорғау ережелері жасақталып жатыр.

Бұған қоса, желтоқсан айының алғашқы күндері қаланың санитарлық қызметтері қоғамдық тамақтану орындарына 12 тексеру жүргізді. Әсіресе, қатты отын пайдаланатын кәуапханалар ерекше назарға алынды. Нәтижесінде санитарлық ережелерді бұзудың 10 оқиғасы анықталды.

Ауа сапасын бақылауда де-факто стандартқа айналған IQAir сервисі де желтоқсанның алғашқы онкүндігінде қаладағы ауа сапасының едәуір жақсарғанын көрсетті. Алайда, Алматы қаласының атмосфераны объективті бақылауда ұстайтын басқа да тетіктері бар. Мысалы, Eco Almaty ұйымы ауа сапасын бақылаудан бастап, су табандарын тазартуға дейін жүзеге асырады. Ұйымның жұмысшылары Есентай өзенінің табанын қайырдан, қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартуды жалғастырып жатыр. Бұларға қоса, аталған ұйым қоқыс қалдығын таситын ұйымдардың көліктері бөлетін улы газ мөлшерін сараптауды қолға алды.

Синоптиктердің болжамынша, желтоқсан айының басы қалаға жаңбыр, жаңбыр аралас қар мен жел әкелді. Бұл жерде, тынып қалған түтін мен шаңнан тазаруға табиғаттың өзі де ат салысты деуге болады.

Алматы қаласының ауа сапасы жөнінде әңгіме болғанда, әлеуметтік желілердегі белсенділер әдетте өз қондырғысының көрсеткіштеріне сүйеніп жатады. Ал қала билігі тек "Қазгидромет" РМК-сының арнайы бақылау посттарының мәліметтерін ғана есепке алады. Алматы қаласында "Қазгидрометтің" 16 тұрақты посты бар. Бұл посттардан түскен мәліметтер ағымдағы гигиеналық нормативтер бойынша қаралады.
Ал жекеменшік қондырғылардың көрсеткіштері негізінде мәлімдеме жасау - халыққа жалған ақпарат тарату болуы мүмкін. Себебі қолдағы қондырғылардың жарамды сертификттары жоқ; калибрін баптау жұмыстары жүргізілмеген. Жекеменшік қондырғылар тіпті өлшеу құралдарының мемлекеттік реестрінде де жоқ. Ендеше, ауаның ластану деңгейі сияқты маңызды ақпаратты тек ресми дерекөзден алу керек.

Өкінішке қарай, ауаның ластану себептерін өзінше жорып, оқырмандарға тек өз нұсқасын тықпалау азаймай отыр. Ал мамандар болса, Алматыдағы қазіргі түтіннің техногендік сипаты аз екенін алға тартады. Мамандар, күннің торланып, қаланың түтінге орануының басты себептері антропогендік және метеорологиялық сипатта екенін алға тартады.
Мысалы, қараша айы тымық болды әрі жылыту кезеңі де сол кезде басталды. Осының салдарынан тұрмыстық және өнеркәсіптік түтіндер ауа бассейнінде қозғалыссыз қалып қойды. 

Қазір Алматының ауа бассейніне түтін бөлетін басты фактор - көліктер болып отыр. Автомобильдерге атмосфераға бөлінетін түтіннің 60% дейін тиесілі. Одан кейінгі орындарда - өнеркәсіп, жер үйлер мен қатты отын пайдаланатын моншалар тұр.

Желтоқсан айының алғашқы декадасының ауа райы болжамына сәйкес, 10 желтоқсан күні солтүстік-батыстан соғатын күшті жел қаланың ауасын тазартады деп күтілуде. Осылайша, тымық күндері ауада қозғалыссыз қалған түтінді жел қуып кетуі мүмкін. Қалада одан әрі қарай да бұрқасын, жел, жаңбыр, қар болады деп күтілуде. Мұндай ауа райы тағы да - солтүстік-батыстан келетін циклонның әсерінен орын алады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу