freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Алтынбек – ұры жүйенің идеологы болған адам": Белгілі саясаткер марқұм Сәрсенбайұлы туралы күтпеген сөзді айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Алтынбек – ұры жүйенің идеологы болған адам": Белгілі саясаткер марқұм Сәрсенбайұлы туралы күтпеген сөзді айтты (ВИДЕО)
Alash.kz коллажы

Саясаткер, экс-депутат Серік Әбдірахманов "Qazaq Airan" YouTube арнасына берген сұхбатында марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлына қатысты өз көзқарасын ашық айтып, бірқатар даулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әңгіме барысында ол "Жас Алаш" газетінің жекешелендірілуі мәселесіне де тоқталып, басылымның кезінде 200 мың теңгеге сатылғанын алға тартты. Журналистің "Неге оны өзіне аударып алды деп ойлайсыз?" деген сауалына жауап берген Әбдірахманов Сәрсенбайұлының саяси қадамдарына қатысты сын айтты.

Оның сөзінше, Алтынбек Сәрсенбайұлы сол кезеңде өз алдына дербес әрекет етуді көздеген.

"Енді ол да Әкежан Қажыгелдин сияқты өз алдына тірлік жасағысы келгені ғой. Ол талай нәрсені өзіне жасап алды. Сонан соң Алтынбекті мен қатты сынайтыным, ұры жүйенің идеологы болған адам. Осы ұры жүйені қалыптастырды. Содан кейін Заманбек. Ол өлер алдында жазған бір жазуы бар ғой, сонда халықтан кешірім сұраған. Міне сол үшін. Соның ішінде Алтынбек белшесінен батып отыр. Бір сұхбатымда айтқаным бар, "егер осы дүниеге Алтынбек тіліріп келсе, менен кешірім сұраудан бастайды" деп. Оны ары қарай қопармай-ақ қояйық", – дейді Серік Әбдірахманов.   

Айта кетейік, 2006 жылғы 11 ақпанда Қазақстанның саяси өміріндегі ең резонансты қылмыстардың бірі тіркелген еді. Бұрынғы ақпарат министрі, оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы, оның оққағары Бауыржан Байбосынов және жүргізушісі Владимир Журавлев із-түссіз жоғалып кеткен.

Екі күннен соң, 13 ақпанда олардың денелері Алматы облысы Талғар ауданы аумағынан табылды. Тергеу деректеріне сәйкес, үшеуінің де қолдарына кісен салынған, барлығы желке тұсынан атылған. Бұл қылмыс қоғамда үлкен резонанс туғызып, елдегі саяси ахуалға әсер еткен оқиға ретінде тарихта қалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу