Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әмір Маймұратов Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт
Әмір Маймұратов Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының өкілі Әмір Маймұратов Будапешттегі (Венгрия) іріктеу турнирінен сәтті өтті, деп хабарлайды Malim.kz. 

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, спортшы жылдамдық бойынша финалға жетіп, күміс жүлде иеленді. Шешуші сында ол қытайлық У Пэнге есе жіберді. 

Айта кетелік, іріктеу турнирі екі кезеңнен тұрды. Біріншісі Шанхайда, екіншісі Будапештте өтті. 

Олимпиадаға жолдама алу үшін екі кезең қорытындысы бойынша алғашқы жетілікке ену керек. Маймұратов жалпы есепте үшінші орын иеленіп, олимпиадалық жолдаманы қоржынға  салды. 

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу