Назарбаевтың ар-намысына тиген желаяққа қатысты сот ісі тоқтатылды
Атақты желаяқ, әлемдегі ең үлкен шөлдерді жалғыз өзі жүгіріп өтіп, Гиннесс рекордтар кітабына жеті мәрте еніп, Қазақстанның имиджін асқақтатқан Марат Жыланбаев бүгін Facebook пақашасында сүйінші сұрады.
Ол өзіне қатысты қозғалған азаматтық істің тоқтатылғанын жазды.
Соңғы уақыттары саяси режим мен Н.Назарбаев және оның отбасы мүшелеріне қатысты ащы сын айтып, түрлі наразылық шараларында белсенділік танытып жүрген Марат Жыланбаевтың үстінен былтыр желтоқсан айында «Ар-Бедел» деген қоғамдық қор сотқа шағым түсірген болатын. Ар-Бедел» өз шағымында «Жыланбаевтың әрекеті тұңғыш президент Н.Назарбаевтың ар-намысына тиіп жатыр» деп шыққан.
Жыланбаев сотта кешірім де сұрамасын, пікірін де өзгертпесін, кез-келген қудалаудан қорықпайтынын сол кезде ашық мәлімдеген.
Міне, бүгін сол шағым бойынша, алғашқы сот отырысы өткен. Сот азаматтық істі қарауды тоқтатып тастаған. Яғни, Назарбаевтың ар-беделін қорғауға ынтық болмаған. Назарбаевтың ар-беделін қорғамақ болғаны "Ар-Бедел" қоғамдық қорының мүшелері мына фотода.