Ресейде блогерлер туралы дерек жинайтын заңға өзгеріс енді

Ресей Думасы он мың оқырманы бар блогерлерді Роскомнадзорға өздері туралы ақпарат беруге міндеттейтін заңға енген түзетуді мақұлдады.

Malim Админ

  • 30.07.2024

Бұл құжаттың Telegram арналарына да қатысты бар. 

Ресейдің Мемлекеттік Думасының ақпараттың саясат комитеті 29 шілдеде өткен отырысында "Жарнама туралы" заңға түзету енгізіп, кемінде 10 мың жазылушысы бар блогерден Роскомнадзорға өзі туралы дерек беріп, "зиянды ақпараттарды таратпау туралы" міндеттеуді заңмен бекітті. Бұл туралы комитеттің төрағасы Александр Хинштейн мәлімдеген. Аталған заң жобасына түзету енгізу екінші оқылымға дайындалып жатыр. 

"Қазір олардың көпшілігі (ірі блогтар мен Telegram арналары - ред.) ықпал ету жағынан дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарынан асып түседі. Бірақ іс жүзінде олардың иелері өздері тарататын ақпаратқа, соның ішінде, фейк үшін де жауап бермейді. Нақтылай кетейін, сәйкестенбеген (идентификация - ред) арналар толық бұғатталмайды. Бірақ мұндай "анонимдер" жарнама алып, оқырмандарынан донат (ақша-ред) жинай алмайды. Ал олардың жазбаларын басқа арналар бөліспеуі керек", - деп жазды Хинштейн өз Telegram арнасында. 
Бұған дейін "Интерфакс" агенттігі комитеттегі дереккөзге сүйеніп, 10 мыңнан кем емес оқырманы бар блогер Роскомнадзорға өзі туралы дерек бермесе, мемлекет оның арнасын бұғаттауды талап ететіні туралы жазды. 

Бұдан бөлек, дүйсенбіде өткен комитет отырысында заңға тағы да бірнеше өзгерістер енгізілді. Оның бірі Бас прокуратураға треш-стримдерді сотқа дейін бұғаттау құқығын беру болып отыр. Екіншісі өзгеріс бойынша, Ресейдің ақпарат министрлігі байланыс операторларынан абоненттердің жеке деректерін талап етуге және "өзінің жеке ақпараттық жүйесін" жүктеуге өкілеттік алады. 

Сондай-ақ, Дума Instagram пен Facebook-те жарнама жасауға заңмен шектеу қоймақ. 21 шілдеде Ресей Парламентіне елде "экстремистік" және "қауіпті" деп танылған ұйымдардың ресурстарында, ел аумағында бұғатталған сайттар мен ресурстарда жарнама жасауға тыйым салу туралы заң жобасы енгізілгені белгілі болды. Ұсынысты бір топ депутат пен сенатор ұсынған. Олардың арасында Александр Хинштейн, Андрей Лугова және Андрей Клишас сынды думалықтар бар. 

Заң жобасының авторлары "заңсыз ақпараттық ресурстар" әлі де жарнамадан кіріс алатынын атады. Сонымен бірге, "Ресей мүддесіне қатысты арандатушылық және қаскөй әрекеттер" жасайтынын түсіндірді. Мұндай ақпараттық ресурстар қатарына олар негізінен Facebook пен Instagram-ды қосып отыр. Аталған әлеуметтік желілер Ресейде 2022 жылдың наурыз айында, яғни, Украинаға әскери шабуылдан кейін көп ұзамай бұғатталған болатын. Мәскеудегі сот аталған әлеуметтік желілерге тиесілі Meta компаниясын "экстремистік ұйым" деп жариялап жіберді. 

Ал 2024 жылдың наурыз айында Ресей президенті Владимир Путин "шетелдік агенттердің" ресурстарына жарнама орналастыруға тыйым салатын заңға қол қойған болатын.

Материал Неміс толқыны (DW) ақпараты негізінде дайындалды
Фото: Фото: Kirill Kudryavtsev/AFP 

Байланысты жаналықтар

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

21.11.2024

Ресей мен Украинаның соғысып жатқанына 1000 күн. Текетірес тоқтай ма? 

19.11.2024

Креативті индустрияны дамытуға қатысты жаңа нормалар енгізіледі

13.11.2024

«Құдай аясын». Дина Төреәлі табыс туралы сөз қозғады

11.11.2024

Қарақшылық жасаған адам Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

11.11.2024

Путин Ресейдің ірі мұнай компанияларын өз қолына біріктірмек – шетелдік БАҚ

10.11.2024
MalimBlocks
Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Іздеуде жүрген адамдарды тануға, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді

Ресей мен Украинаның соғысып жатқанына 1000 күн. Текетірес тоқтай ма? 

Қазір ресейліктер 66 мың 932 шаршы шақырым жерді бақылауда ұстап отыр

Креативті индустрияны дамытуға қатысты жаңа нормалар енгізіледі

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

«Құдай аясын». Дина Төреәлі табыс туралы сөз қозғады

Блогердің сөзінше, әркім ниетіне қарай өмір сүреді.

Қарақшылық жасаған адам Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

Сыбайластардың бірі бұған дейін 5 жылға бас бостандығынан айырылған

Путин Ресейдің ірі мұнай компанияларын өз қолына біріктірмек – шетелдік БАҚ

Қазір үш ірі компанияны біріктіру мәселесі талқыланып жатыр