USAID Маңғыстауда қуаңшылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуде

  • 24.09.2021

АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) Қазақстандағы Маңғыстау облысында жалғасып келе жатқан қуаңшылықтан зардар шеккен адамдарға көмек көрсету үшін шұғыл түрде 100,000 АҚШ доллары көлеміндегі соманы беретіні туралы жария етті. Қазақстанның Қызыл Жарты ай ұйымына USAID қуаңшылықтан зардап шеккен халықтың ең осал топтарына қолдау көрсету үшін 100 000 АҚШ доллары көлемінде грант ұсынды.
«Маңғыстау облысында толастамай жатқан қуаңшылық мыңдаған сиыр мен жылқының қырылуына, егіс алқаптарының жойылуына және тұщы судың онсыз да жұтаң ресурстарының сарқылуына алып келді. Мал шаруашылығы осы өңірдегі негізгі кіріс көзі болып табылатындықтан, табиғи апат айтарлықтай залал келтірді. Қуаңшылықтың салдарынан сүт пен ет өндіру көлемі төмендеді. Соның салдары жергілікті халықтың кірістері мен тіршілік етуге қажетті қаржысына кері әсерін тигізуде.
Малдың өлім-жітімінен зардап шеккен 200-ден астам үй шаруашылықтары қаржылай көмек алады. Аталған көмектің мөлшері үй шаруашылығының әрбір мүшесі үшін күнкөріс минимумына сүйеніп есептеледі – бір үй шаруашылығына шаққанда 170 000 теңгеге дейін. Жағдайды бағалап, көмекке көбірек мұқтаж үй шаруашылықтарын анықтағаннан кейін қаржылай көмек алушылардың банк шоттарына аударылатын болады» дейді ұйым тартқан хабарландыруда.

 

Орталық Азияның бағдарламасын АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландырып, Internews іске асырады. Бағдарлама Орталық Азияда теңдестірілген ақпараттық ортаны дамытуға бағытталған. Бұл жастар мен егде буынның идеялар алмасуға, түрлі пікірлер мен көзқарастарға ашықтығын дамытуға, мүмкіндігінше көп азаматты қоғам өміріне тартуға көмектеседі. USAID – әлемдегі маңдайалды халықаралық даму агенттігі және дамуға бастайтын негізгі қозғаушы күш. Орталық Азиядағы USAID сайты және Орталық Азиядағы USAID парақшасында қосымша ақпарат бар.

Байланысты жаналықтар

Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады 

25.09.2024

Ақтауда әйелін пышақтаған ер адам туралы тың мәлімет шықты

15.07.2024

Маңғыстауда жасөспірімді зорлаған адам 22 жылға сотталды

05.07.2024

«Басшылық қудалап жатыр»: Маңғыстауда мұнайшылар ереуілге шықты

27.06.2024

Маңғыстауда мұнай-газ компанияларының басшылары туыстарына жалақы төлеп келген

25.06.2024

Қуаңшылық кезде халыққа көмектескен Құрмет Талапқазы сыйлыққа алған үйін сатып жіберген

18.06.2024
MalimBlocks
Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады 

Ақтауда әйелін пышақтаған ер адам туралы тың мәлімет шықты

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. 

Маңғыстауда жасөспірімді зорлаған адам 22 жылға сотталды

Сотталушы жасөспірім қыздың дәрменсіз жағдайын пайдаланған

«Басшылық қудалап жатыр»: Маңғыстауда мұнайшылар ереуілге шықты

1976 жылдан бері істеп келе жатқан «Жалғызтөбе» кен орнында 60-қа жуық мұнайшы жұмыс істеуден бас тартып отыр.

Маңғыстауда мұнай-газ компанияларының басшылары туыстарына жалақы төлеп келген

Сотқа дейінгі бес тергеу амалы ҚР ҚК 189 бабы баптың 4-бөлігі бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде беру немесе ысырап ету) басталды.

Қуаңшылық кезде халыққа көмектескен Құрмет Талапқазы сыйлыққа алған үйін сатып жіберген

Құрмет Талапқазы 2021 жылы қуаңшылық кезінде Батыс өңіріне шөп жіберіп халыққа көмектескен еді