Халықаралық деңгейде ынтымақтастық нығайып келеді

Алты мемлекеттің арнаулы операциялар күштері әріптестік, практикалық іс-қимылдарды пысықтады

Malim Админ

  • 27.09.2024

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мемлекеттер арасындағы байланысты нығайтып, елдердің қауіпсіздігін нығайтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бұл бағытта бірқатар іргелі жұмыстар атқарылып келеді. Соның бірі бірнеше елдің қатысуымеен өтетін оқу-жаттығу. Жақында алты мемлекеттің арнаулы операциялар күштері әріптестік, практикалық іс-қимылдарды пысықтады.      


Түркістан облысында мәреге жеткен бірлескен жиынға ерлестеріміз түркиялық, пәкістандық, әзербайжандық, катарлық және өзбекстандық әскерлермен бірге қатысты.   Әскери контингенттерді қамтитын бірлескен топтарға шекараны қиып өтіп, жер жерге жасырылған  заңсыз қару-жарақты  тауып,  жою тапсырылды. Террористердің ұшқышсыз ұшақпен біріккен әскерлерге шабуыл жасау әрекетіне радиоэлектронды соғыс құралдарымен соққы берілді.  

Ал 26 қыркүйекте Алматы облысында  «Мызғымас бayыpлаcтық-2024» Ұжымдық бітімгерлік күштерімен командалық-штабтық оқу-жаттығу ісіне даярлық өткізілді.  «Жағалау» оқу-жаттығу полигонында ұйымдастырылған жиынға Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жумәкеев жетекшілік етті.    

30 қыркүйекке қарай ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер, атап айтсақ Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан мен  Беларусь  елдерінің әскери құрылымдары Қазақстанға ат басын тірейді.  Автомобиль көлігі және көліктік-авиация бортымен әскерлерді топтастыру қолға алынады.      

Қорғаныс министрлігінің өкілі  Алмаз Жұмакеевтің мәліметінше, бұл әскери мақсаттағы жиын Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін шыңдайды.  «ҰҚШҰ айрықша қорғалатын өңірде тұрақтылықты сақтауға септігін тигізеді.  Тізе қосып жасалған қимылдар бауырлас елдер арасында жаттығуларға қатысушыларға үлкен тәжірибе. Бұл өзара  үйлесімді, тәжірибелік дағдыны жетілдіреді.  Сондай-ақ,  далалы жерде машықты жақсартуға жол ашады. Жауапкершілік жүктейтін іс-қимыл шеңберінде дағдарыс аймағы қақтығыстан құтқарылады. Сонымен қатар,  гуманитарлық қолдау жасау  бағытында бітімгерлік операциясы жүргізіледі, – деді генерал-майор.   

Ұжымдық қауіпсіздікті сақтауға кепілдік жасайтын ұйым қатарындағы елдердің бітімгершілік контингенттері нақты. Олар арнаулы даярлықтан өткен әскери, білікті мамандар, полицейлер және  және азаматтық құрамдағы  персоналдар.  Сонымен қатар,  олар қолданатын күштік құралдар да бар.  Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің ұйғарымымен жасалатын міндеттер да аз еемес. Әр  бітімгерлік жолдағы  операциялар асқан жауапкершілікке толы.  ҰҚШҰ әскерлері шиеленісті өңірлерде, ауданына және нақты ахуалға орай  құрылымын өзгертіп отырады. Жаттығулар әр қилы аймақтарда жүргізіліп келеді. 

Қазақстан әлем елдерінің қорғаныс ведомстволарымен екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін жолға қою бағытында бірқатар жүйелі жұмыстарды іске асыруда. Жақында еліміз бен Әзірбайжанның қорғаныс министрлері Бакуде кездесті.
Министр  Руслан Жақсылықов бастаған әскери делегациясы генерал-полковник Закир Хасановпен ауқымды мәжіліс жасады.  

Баку шаһарындағы Көрме орталығында қазақстандық әскери мамандар Әзербайжанда жасалған  құрлық, теңіз, әуе күш құрылымдарына арналған өнімдермен танысты.  Сонымен қатар,  ADEX V халықаралық қорғаныс көрмесінде көрсетілген қауіпсіздікті ныайтуға қолданылатын озық  технологияларды көзбен көріп,  қолмен ұстады. 
Басқосу барысында еліміздің Қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы әзербайжандық әріптестерімен жүздесіп, өзекті мәселелелер жөнінде ортақ ойласты. Осылайша қос бауырлас ел қорғаныс ведомстволары арасындағы   өзара ынтымақтастықтың  оң үрдісін айрықша атап өтті. 2024 жылы екі мемлеекеттің ұйымдастыруымен 30-дан астам іс-шара іске асқан. Әзербайжандықтар  «Алтын қыран-2024» және  «Бірлестік-2024» жедел-тактикалық құрамалық оқу-жаттығуына қатысып, тәжжірибе алмасты.
Келіссөздер нәтижесі аясында Қазақстан мен Әзербайжан арасында  2025 жылға бағытталған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспары ұсынылды.  Кездесу шеңберінде ұлттық бағыттағы қорғанысқа арналған ЖОО арасындағы меморандум жасалып, қол қою рәсімі өтті.

Еліміздегі арнайы мақсатқа жұмылдырылатын сарбаздар шетінен мықты. Олар түрлі  төтенше жағдайдан, тау-тас, өткел бермейтін ағыстан да жасқанбайды. Соның жарқын мысалы -  «Күрең берет – 2024» жауынгерлер сайысы.  Ұлттық ұланның Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің атыс алаңында Қүрең беретке үміткерлер бақ сынады.  Мұндай  сайыстар жыл сайын еліміздің әр аймағында  өтеді. Негізгі мақсаты - лаңкестіктің жолын кесу, қоғам мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Б» арнайы жасағының дайындығын шыңдау.

Күрең беретті екінің бірі кимейді. Жүзден жүйрік шыққан сайыпқырандар ғана ие болатын марапат. Бабы мен бағы қатар шауып, ауыр сыннан сүрінбей өткендерді қоян-қолтық ұрыс алаңы күтіп тұрды. Үш раундқа созылатын жекпе-жектің соңғы бөлімінде рингтегі жігіттер былтыр қарсылысын шақ келтірмеген мықтылармен күш сынасты. Абырой болғанда, бұған дейін сапта болған 15 үміткердің  бәрі де 9 минут бойы жойқын соққыға төтеп берді. Әлі кетіп, күші сарқылғандардың өзі темірдей төзімділік танытты. Осылайша, олардың бәрі де күрең берет иегері атанды.

Фото: Gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Әскери қызметке енді запастағы офицерлер шақырылады

25.11.2024

Бүгін елімізде Әскери кадр қызметкерлері күні!

23.11.2024

Әке болайын деп жүрген жігіттер әскерден босатылады

14.11.2024

Қарулы күштер жаңа әскери формаға көшті

12.11.2024

Әскерде мүгедек болып қалған Ербаянға Түркияда ота жасалды

12.11.2024

Израиль Ирандағы нысандарға шабуылын аяқтағанын мәлімдеді

26.10.2024
MalimBlocks
Әскери қызметке енді запастағы офицерлер шақырылады

Барлығы 915 запастағы офицер әскерилер сапына қосылады

Бүгін елімізде Әскери кадр қызметкерлері күні!

Олар әскери лауазымдарды толықтырып, аттестаттаумен айналысады

Әке болайын деп жүрген жігіттер әскерден босатылады

Қарулы күштер жаңа әскери формаға көшті

Әскерде мүгедек болып қалған Ербаянға Түркияда ота жасалды

Израиль Ирандағы нысандарға шабуылын аяқтағанын мәлімдеді

Оны Иран шабуылдарына жауап ретінде мәлімдеген