Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Анталия әуежайында ұшақ өртенді

Әлем
Анталия әуежайында ұшақ өртенді

Ресейлік Azimut әуе компаниясына тиесілі Sukhoi Superjet 100 жолаушылар ұшағы Түркияның Анталия әуежайына қонғаннан кейін өртенді. Бұл туралы BBC AirportHaber Түрік ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлады.  


Федералды әуе көлігі агенттігі зардап шеккендер жоқ екенін растады.

Оқиғаға байланысты әуежайдың ұшу-қону жолағы уақытша жабылды, деп жазады басылым.

«Билік ұшу-қону жолағының жабылуына байланысты ұшақтардың қонуы тоқтатылып, кейбір рейстер кейінге қалдырылғанын айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ, қозғалтқыштың өртену себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Әуе көлігінің федералдық агенттігі кейінірек оқиға салдарынан ешкімнің зардап шекпегенін растады.

Фото: Reuters 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу