Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында әйелін ұрып өлтірген ер адам 8 жылға сотталды

Құқық
Ақмола облысында әйелін ұрып өлтірген ер адам 8 жылға сотталды

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылының тұрғыны азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ер адам масаң күйде бірге тұратын әйелімен жанжалдасып, оны аямай соққыға жыққан. Әйел алған ауыр жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Сараптама нәтижесінде сотталушының психикалық және мінез-құлық бұзылыстарымен алкогольге тәуелділігі анықталды. 

Айыпталушы Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша жазаға тартылды. Сот үкімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды және оған жазасын өтеу орны бойынша маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу