Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында елді мекендерге баратын жол су тасқынына байланысты жабылды

Қоғам
Ақмола облысында елді мекендерге баратын жол су тасқынына байланысты жабылды

Ақмола облысында су тасқыны салдарынан екі елді мекенге апаратын жол уақытша жабылды, деп хабарлайды Malim.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

"Атбасар ауданында Есіл өзенінің деңгейі көтеріліп, су жайылуына байланысты Алматы – Екатеринбург тасжолынан Первомайка және Қамышенка ауылдарына баратын жолмен көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Балама бағыт ретінде Лозовое және Приишимка ауылдары арқылы өтетін жолды пайдалануға болады", – деп мәлімдеді Астрахан ауданы әкімдігі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жолды су басқаны туралы видео тараған. Видео авторы судың жолдың 100 метр аумағына жайылғанын хабарлаған.

Жергілікті билік ауылдардағы дүкендер, денсаулық сақтау және білім беру мекемелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Әкімдік жыл сайынғы су тасқыны кезінде мұндай судың жайылуы орын алатынын, бірақ елді мекендерді су басу қаупі жоқ екенін атап өтті.

Фото: КазТАГ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу