freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында көкпарға қатысқан жасөспірім көз жұмды

Оқиға
Ақмола облысында көкпарға қатысқан жасөспірім көз жұмды
Фото: gov.kz

Ақмола облысында 14 жастағы жасөспірім көкпар кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы жағдай 26 мамыр күні болған. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Целиноград аудандық әкімдігінің мәліметінше, оқиға Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округі маңында болған. Әкімдік өкілдері көкпардың азаматтардың жеке бастамасымен ұйымдастырылғанын және оның ресми спорттық немесе бұқаралық шара болмағанын атап өтті.

«Аудан әкімдігіне іс-шара өткізу туралы ешқандай хабарлама түскен жоқ, сондай-ақ жергілікті атқарушы органнан рұқсат алу жөнінде өтініш берілмеген», – деп хабарлады әкімдік.

Алдын ала дерек бойынша, көкпарға ересек адамдар қатысқан. Жасөспірім бұл жерге туыстарымен бірге келген. Кейін ол ойыншылардың бірінің орнына көкпарға қосылғаны белгілі болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу