Ақмола облысының Целиноград ауданында 14 жастағы бозбала көкпар ойынында аттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.
Azattyq Rýhy-ның жазуынша, қайғылы оқиға 26 мамыр күні көкпар ойынынан жаттығу кезінде болған. Облыстық Полиция департаменті 2012 жылы туған бала аттан құлап, көз жұмғанын растады.
«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу іс-шаралары аясында жаттығуды ұйымдастырушылардың және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», - деп жазылған облыстық ПД хабарламасында.