freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Оқиға
Ақмола облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Kazinform

Ақмола облысында облыстық маңызы бар "Жолымбет-Пригородное" тасжолында көлік аударылып кетті. Жол-көлік оқиғасына қатысты өңірлік полицияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Жол апаты 19 сәуірде болған. Chevrolet маркалы автокөлік жолдан шығып кетіп, аударылған.

Оқиға салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.  

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша соталды тергеу амалдары басталды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция өкілдері жол апатының алдын алу үшін жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауды, әсіресе қозғалыс көп учаскелерде абай болуды және автокөліктің техникалық жағдайын қадағалап тұруды ескертеді.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу