Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысының тұрғыны түрмедегі тегін өмір үшін қасақана қылмыс жасаған

Қоғам
Ақмола облысының тұрғыны түрмедегі тегін өмір үшін қасақана қылмыс жасаған

Ақмола облысының Аршалы аудандық соты терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген ер адамды 2 жылға бас бостандығынан айырды. Ол түрмеде тегін тамақ пен киім болатынын көздеп әдейі осындай қадамға барғанын мойындады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ер адамның бұған дейін де істі болып, екі рет түрмеде отырғаны анықталды. Ол 2019 және 2023 жылдары теракт туралы жалған қоңырау шалғаны үшін екі рет сотталған.

Бұл жолы да ер адам 112 нөміріне қоңырау шалып, Астана автовокзалына бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат берген. Тексеріс нәтижесінде қоңыраудың жалған екені анықталды. 

Сотта күдікті бұл әрекетті баспанасы болмағандықтан түрмеге түсіп, тегін тамақ, киім секілді қажеттіліктерге қол жеткізу үшін жасағанын мойындады.

Сот ер адамның бұған дейін де істі болғанын ескеріп, оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу