АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер жексенбі, 14 желтоқсанда Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерді жалғастыру үшін Берлинге келді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
АҚШ делегациясы Германия астанасындағы Adlon қонақүйіне орналасты. Стивен Уиткоффтың қонақүй алдындағы суретін dpa агенттігінің тілшісі түсірген.
Сол күні Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кислица да Берлинде болғанын растады. Ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Берлиннің символы саналатын, Украина туының түстерімен боялған аю мүсінінің жанында түскен фотосын жариялады.
Осы тұста Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт бастамалар аясында белгілі бір ымыраға баруға дайын екенін мәлімдеген.