Соңғы екі күнде АҚШ пен Украина делегациялары алты кездесуді өткізді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Тараптар АҚШ делегациясының Ресейге сапарының нәтижелерін, сондай-ақ агрессияны тоқтатуға ықпал ететін ықтимал қадамдарды талқылады. Сонымен қатар соғыстан кейін елді қалпына келтіру және бірлескен экономикалық бастамалар қаралды.
6 желтоқсанда Майамиде келіссөздердің келесі кезеңі өтеді.
Умеровтың айтуынша, Украина үшін басым бағыт – егемендік пен тәуелсіздікті толық қорғауды қамтамасыз ететін келісім, азаматтардың қауіпсіздігі және тұрақты демократиялық болашаққа негіз қалану.
Келіссөздерге Украина тарапынан Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал Андрей Гнатов қатысуда. АҚШ делегациясын арнайы өкіл Стивен Уиткофф және АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер бастап жүр.
Вашингтон мен Киев «бейбіт келісімге қол жеткізудегі нақты ілгерілеу Ресейдің деэскалацияға және адам өліміне әкелетін әрекеттерді тоқтатуға дайын болуына байланысты» екенін бірлескен мәлімдемеде атап өтті.