Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтау қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікпен қамауға алынды

Қоғам
Ақтау қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікпен қамауға алынды

Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жоғарғы сот хабарлауынша, ұстау операциясын Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік басқармасы мен Антикор ұйымдастырған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Бауыржан Шайдуллиннің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол қылмыстық іс бойынша «мәселені шешкені үшін» 18 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгені айтылды.

Бауыржан Шайдуллин 2020 жылғы қаңтарда Ақтау қалалық сотының басшысы қызметіне тағайындалды.

Фото: Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу