Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда 87 миллион теңгеге салынған дәретханалар жұмыс істемей қалған

Қоғам
Ақтауда 87 миллион теңгеге салынған дәретханалар жұмыс істемей қалған

Қала тұрғындары модульді әжетханалардағы ақаулар туралы қалалық әкімдікке айтып, шағым жасады. Бүгінде мамандар қоғамдық дәретханалардағы ақауды жөндеп жатыр, деп хабарлайды Lada.kz.

Ақтауда 12 қоғамдық дәретхана бар. Оның бесеуі модульді, яғни қала тұрғындары оған QR код арқылы төлем жасап кіреді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі модульді дәретханалардың істен шыққанын мәлімдеді. 

Техникалық ақауларға байланысты QR код қосылғанша дәретханалар жұмыс істемейді. Мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақында барлығын түзейміз. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қоғамдық дәретханаларды таза ұстауды және қажет болған жағдайда гигиеналық заттарды пайдалануды сұраймыз, – делінген ақпаратта.

Фото: Lada.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу