freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда дәмханада отырған ер адамға белгісіз біреу оқ атты

Оқиға
Ақтауда дәмханада отырған ер адамға белгісіз біреу оқ атты
Ашық дереккөзден

Ақтаудағы дәмханалардың бірінде отырған ер адамның бетіне белгісіз біреу оқ атып кетті, деп хабарлайды Malim.kz  Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Оқиға 8 шілде күні қаладағы дәмханалардың бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз адам ер адамға жақындап келіп, оның бетіне оқ атқан.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталды. Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Ақтау қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде екі адамның арасында жанжал шыққан. Оқиғадан кейін олардың бірі ер адамға аңшылар пайдаланатын «Аңшының белгісі» сигналдық іске қосу құрылғысынан атып, оның бет тұсына жарақат салған. Аталған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді», – делінген облыстық Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу