Ақтауда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері «Тропикамид» препараты табылған екі автокөлікті тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметіне сай, тексеру кезінде төрт азаматтан «Тропикамид» препараттары анықталып, тәркіленді. Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Сонымен қатар Ақтау қаласының 11 шағынауданында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ер адам ұсталды. Тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан құрамында қарасорасы бар 10 түп өсімдік табылып, тәркіленді. Сондай-ақ жалпы салмағы 7 келі 440 грамм болатын «марихуана» есірткі заты тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.