Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда құдыққа құлаған оқушы жансақтау бөлімінде жатыр

Оқиға
Ақтауда құдыққа құлаған оқушы жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтауда 11 жастағы бала құдыққа құлап, қатты күйіп қалды. Денесінің 30 пайызы күйіп қалған оқушы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

2025 жылдың 4 наурызында Ақтау қаласында оқыс оқиға болды. 11 жастағы бала жылу құбыры жарылып, шұңқырға жиналған ыстық суға құлап кеткен.

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, жеткіншек денесінің 30 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Қазір ол реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Коммуналдық мекеме мамандары жылу құбырының жарылғанын мойындады. Тұрғындар бұл ақау туралы оқыс оқиғадан кейін ғана хабардар болған. Ал зардап шеккен баланың анасы кінәлілерді жауапқа тартуды талап етуде.

Облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады. Құбыр желісіне жауапты «Каспий жылу су арнасы» мекемесінің өкілдері апат орнына 20 минут ішінде жетіп, суды тоқтатқанын мәлімдеді.

Фото: Qaz365.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу