Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда жасөспірімдер оқушының қолын тіліп, жазу жазған

Құқық
Ақтауда жасөспірімдер оқушының қолын тіліп, жазу жазған
stroi-news.ru

Әлеуметтік желіде ақтаулық жасөспірімдердің 13 жастағы оқушы қызға зәбір көрсетіп, зорлады деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Ақтауда бірнеше жасөспірім 13 жастағы мектеп оқушысын мазақ етіп, зорлады деп айыпталды. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, биыл қыркүйек айында болған қылмысқа қатысты ешкім тергеліп, қамауға алынбаған.  

Бұл жағдайға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаменті жауап берді. Ведомствоның мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

“Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлімі (Кәмелетке толмағанға зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің талаптарына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды”, – делінген жауапта. 

Ведомство қылмыстық істің полиция департаменті басшылығының бақылауында болатынын мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу