Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде балаларға бұрыш спрейін шашқан жасөспірім ұсталды

Құқық
Ақтөбеде балаларға бұрыш спрейін шашқан жасөспірім ұсталды

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер балалардың көзіне бұрыш спрейін шашқан кәмелетке толмаған күдіктіні шекарадан өтпек болған кезде ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқушы бұзақылық туралы іс бойынша іздеуде болған.

Айта кетерлігі, ресейлік БАҚ ІІМ-нің Саратов облысы бойынша бас басқармасына сілтеме жасай отырып, 14 жастағы жасөспірім 2021 жылдан бері анасымен бірге Саратов облысының аумағында тұратынын, Қазақстанның тумасы екенін хабарлайды.

Кәмелетке толмаған бала жазғы мектеп демалысы кезеңінде Қазақстан аумағында әкесінің жанында болады, - делінген хабарламада.

Ресейлік полицейлер жасөспіріммен профилактикалық жұмыс жүргізілетінін мәлімдеді.

Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу