freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде газ құю станциясында жарылыс болды

Оқиға
Ақтөбеде газ құю станциясында жарылыс болды
ТЖД

Ақтөбе қаласында, Алматы ауданындағы Ақжар көшесінде орналасқан автогаз құю станциясының жер үсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасының жанып, жарылыс болды, деп хабарлады ТЖМ.

Жарылыстан пайда болған өрт екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа таралған.

ТЖД күштері оқиға орнына дереу жетіп, өрт сөндірушілер жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеді. Олар қайталама жарылыстардың алдын алып, жалынның одан әрі таралуына жол берген жоқ.

“Құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ”, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаменті.

Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖД, ЖҚЖ және Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу