freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде мектеп оқушысы бала көтеріп қалды

Құқық
Ақтөбеде мектеп оқушысы бала көтеріп қалды
oxu.az

Ақтөбе полициясы кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынас жасау бойынша қылмыстық істі тергеуді бастады, деп хабарлайды Malim.kz Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта заңнамада көзделген барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүддесін қорғау қамтамасыз етілді. Аталған қылмыстық істі тергеу барысы облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ал облыстық білім басқармасы қыздың бұған дейін профилактикалық есепке алынғанын айтты.

Бұл оқиғаға дейін білім беру мекемесі тарапынан барлық тиісті шаралар қабылданған. Жүргізілген түнгі рейдте кәмелетке толмаған тұрғынның бірнеше рет ұсталғаны анықталды. Ата-анасына сол кезде ескерту жасалып, оқушы профилактикалық есепке алынды. Оқушымен жеке жұмыс жоспары жасалған, бақылау орнатылған. Сол кезде жүкті екені анықталды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу