Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде жас футболшының өлімінен соң сараптама тағайындалды

Оқиға
Ақтөбеде жас футболшының өлімінен соң сараптама тағайындалды

Оқиға кеше Ақтөбе қаласында болды. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарлама түсіп, оқиға орнына құтқарушылар барды. Үй ішінен үш адамның мәйіті табылды. 

— Қазіргі уақытта облыстық полиция департаментінің қызметкерлері барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдемге шақырту түскен. Алайда үш адам да ақ халаттылар барғанша мерт болған.

Айта кетейік, «Ақтөбе» ФК-ның ресми хабарлауынша, қайтыс болған футболшы — Арон Мұса. Онымен бірге әжесі мен немере ағасы да көз жұмды. 15 жастағы Арон «Ақтөбе U — 16» командасында ойнады. 

Фото: dzen.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу