Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Сұқбат
Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүреді

1 сәуірден бастап Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлады облыстық әкімдік.

Қазіргі уақытта қалалық қоғамдық көлікте екінші дүниежүзілік соғыс  ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар тегін жүреді. Ал зейнеткерлерге жасы бойынша 50% мөлшеріндегі жеңілдік қарастырылған.

«Қала тұрғындарын қоғамдық көлік қызметімен қамтамасыз етуде биыл қаржы мәселесін шеше отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерге қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік жасаймыз. Бұл бастама алдағы сессияларда қаралып, шешіледі», - деді Өңір басшысы Асхат Шахаров облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында.


Фото: ашық дереккөзден 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу