Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақылы жолдарда қалай тегін жүруге болады?

Құқық
Ақылы жолдарда қалай тегін жүруге болады?

Устинка LIVE басылымы осы сұрақ бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ түсіндірмесін жариялаған.

Ақылы жолдарда тегін жүру Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 17 шілде күнгі №245-II "Автомобиль жолдары туралы" заңымен реттеледі. Ол заң бойынша, көліктердің бірнеше санатына ақылы жолдарда тегін жүруіне болады. Заңда ондай көліктердің санаты келтірілген, олар - мыналар:


1. Ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден: 1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде:

  • - жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
  • - авариялық-құтқару қызметтерінің; құқық қорғау органдарының;
  • - көліктік бақылау органдарының;
  • - арнаулы мемлекеттік органдардың;
  • - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың;
  • - жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) күтіп-ұстауды және оларға техникалық қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын Ұлттық оператордың;
  • - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, тиісті ақылы автомобиль жолында (учаскесінде) күтіп-ұстауды және техникалық қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын жекеше әріптестің;
  • - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның арнаулы автокөлік құралдары;

2) қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес елді мекендерді:

  • - кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;
  • - ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
  • - жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
  • - ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;

3) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл автомобильдері босатылады.


Тегін жүруді қалай рәсімдеуге болады? Ақысыз жүру құқын алу үшін аталған санаттарға жататын көліктің өкілдері «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ына ресми сұрау салуы керек. Сұрауға қосымша ретінде көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі, рейстік автобустар болса - маршрут парағын қыстыру қажет" деп түсіндірген жауапты мекемеде.

Бүгінде елімізде жалпы ұзындығы 4 760 шақырым болатын 25 ақылы бекет бар.

 

Фото: QAJ.KZ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу