freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Арал қаласында полицейдің мәйіті табылды

Қоғам
Арал қаласында полицейдің мәйіті табылды
Фото: gov.kz

31 тамызда Қызылорда облысының Арал қаласынан 38 жастағы учаскелік полиция инспекторының зорлық белгілері бар мәйіті табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Криминальный Казахстан Telegram-арнасының дерегінше, жанжал кезінде ер адам учаскелік инспекторды ұрып-соққан. Алған жарақаттарының салдарынан полицей көз жұмған. Оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демалысында болған.

Қызылорда облысы ПД мәліметінше, марқұм мен күдікті бір-бірін бұрыннан таныған. Учаскелік инспектор бұған дейін ер адамды отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтары үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оған қатысты қорғау нұсқамалары да шығарылған.

Күдікті - Арал қаласының 39 жастағы тұрғыны. Оның жеке басы анықталған, қазіргі уақытта ер адам іздеуде.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу