freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Артында 6 баласы қалды": Бұрынғы күйеуі медбике әйелін жұмыс орнында өлтіріп кетті (ФОТО)

Қоғам
"Артында 6 баласы қалды": Бұрынғы күйеуі медбике әйелін жұмыс орнында өлтіріп кетті (ФОТО)
ашық дереккөзден

Ресейдің Свердлов облысындағы Асбест қаласына қарасты Рефтинский кентінде медбике Виктория Блискунованы өлтіріп кетті. Бұл туралы Асбест қалалық ауруханасының бас дәрігері Игорь Брагин мәлімдеді. Оның айтуынша, әйелді бұрынғы күйеуі өлтіріп кетті. Марқұмның артында алты баласы қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қалалық аурухана басшылығы қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын екенін айтты. "КП-Екатеринбург" басылымының мәліметінше, Виктория 38 жаста болған.

"Біздің қызметкеріміздің, алты баланың анасының қаза табуына байланысты терең қайғырамын. Қазірдің өзінде бұл оқиғаның қылмыстық сипатта болғаны белгілі. Алдын ала деректер бойынша, қылмысты оның бұрынғы күйеуі жасаған. Күдікті ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр", – деді бас дәрігер Игорь Брагин.

Свердлов облыстық Тергеу комитеті 41 жастағы ер адамның ұсталғанын растады. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрынғы күйеуі Викторияны пышақтап өлтірген. Қылмыстық іс Ресей Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша қозғалған.

"Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс күдікті мен бұрынғы жұбайы арасында туындаған жанжал салдарынан жасалған. Қазір күдіктіге қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиға орны тексеріліп, куәгерлерден жауап алынуда, сондай-ақ сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады Свердлов облыстық Тергеу комитеті.

Свердлов облысы полиция гарнизонының баспасөз хатшысы Валерий Горелыхтың айтуынша, қылмыс жасағаннан кейін ер адам гаражына қарай бет алған, бірақ жолда полиция қызметкерлері оны ұстап алған.

Күдіктінің бұрын да бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Ол:

  • 2000 жылы – ұрлық үшін;
  • 2002 жылы – тағы да ұрлық үшін;
  • 2003 жылы – көлікті заңсыз иелену және орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіру үшін;
  • 2005 және 2016 жылдары – жеңіл дене жарақатын салғаны үшін;
  • 2023 жылы – жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін сотталған.

Соңғы рет ол 2008 жылы түрмеден босап шыққан.

Қазір күдіктіге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу