freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ас үйдегі бір сәттік немқұрайлылық: Астанада тұрғын үйде өрт шықты

Оқиға
Ас үйдегі бір сәттік немқұрайлылық: Астанада тұрғын үйде өрт шықты
Фото: ТЖМ

Астанадағы Қалдаяқов көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдай 22 қабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтерде тіркелген. Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері жедел жеткен.

Құтқарушылардың кәсіби әрекетінің арқасында жалпы аумағы 10 шаршы метрді қамтыған өрт қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірілді.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар өз бетінше қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына ас үйдегі табадағы майдың тұтануы себеп болған.

Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін сақтауға және ас үйдегі тамақ дайындау кезінде отты қараусыз қалдырмауға шақырады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу