Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әсем Орынбай стенд атудан Олимпиадаға жолдама алды

Спорт
Әсем Орынбай стенд атудан Олимпиадаға жолдама алды

Стенд атудан Ұлттық құрама спортшысы Әсем Орынбай Париж Олимпиадасының жолдамасын алды. Скит бағдарламасында бақ сынайтын отандасымыз жаңартылған әлем рейтингінде 1-орнын сақтап қалып, қалған жалғыз квотаға қол жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Әсем былтырғы Әлем Кубогы финалының жеңімпазы (Доха), әлем чемпионатының қола жүлдегері (аралас жұптық сын, 2022 жыл, Хорватия);

Әлем Кубогы кезеңінің 3 дүркін қола жүлдегері (2021, 2022, 2023 жыл), Әлем Кубогының 2 дүркін жеңімпазы (2023 жыл, Рабат пен Алматы);

XIX жазғы Азия ойындарының 2 дүркін чемпионы (скиттен командалық және аралас жұптық сын, 2022 жыл, Ханчжоу), XIX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері (скиттен жекелей сын);

Бұл стенд ату шеберлерінің еншісіндегі үшінші жолдама. Осыған дейін Эдуард Ещенко (скит) мен Мария Дмитриенконың (трап) Франция астанасына баратын болған еді.

Осымен Қазақстан командасының қоржынында 54 лицензия болды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу