Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ажалды жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды,деп хабарлайды Malim.kz.
ІІМ әскери-тергеу органдарының мәліметінше, оқиға ағымдағы жылдың 27 қаңтарында болған. Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының жеке бақылауына алынды.
Оқиғаның алдындағы мән-жайларды объективті әрі жан-жақты анықтау мақсатында Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына барды.
Сонымен қатар, олар еліміздің тиісті әскери бөлімдерінде әскери тәртіптің сақталуы мен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының орындалуына қатысты жан-жақты тексеру ұйымдастыруды тапсырды.
Бұдан бөлек, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ мерзімді әскери қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері жақын арада Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралатын болады.
Еске салсақ, бұған дейін Өскеменде сарбаз қаза болған еді.