Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әскери колледжде жұқпалы ауру тарап, карантин жарияланды

Оқиға
Әскери колледжде жұқпалы ауру тарап, карантин жарияланды
Фото: instagram.com/askeri_kolledzh

Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжде демалыстан қайтқан кадеттер арасында қызылшаға шалдыққан оқиғалар анықталды, деп хабарлайды Malim.kz оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігіне қарасты білім орнында кадеттердің каникулдан оралғаннан кейін бір бөлігінде жұқпалы ауру белгілері байқалған. Эпидемиологиялық тексеріс нәтижесінде инфекцияның сырттан әкелінуі ықтимал деп бағаланып отыр.

Қазіргі уақытта 66 кадет медициналық бақылауда, олардың екеуінде ауру асқынумен өтуде. Науқастар мамандандырылған көмек алып жатыр, жағдайлары тұрақты және оң динамика байқалады. Байланыста болған тұлғалар анықталып, оқшауланды. Барлық пациенттерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Қауіптің алдын алу мақсатында оқу орнында карантин жарияланып, медициналық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді. Жеке құрамның денсаулығына мониторинг тұрақты түрде жүргізілуде.

Оқиға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен денсаулық сақтау органдарының бақылауында.

Еске салсақ, Қазақстанда биыл 1363 бала қызылша жұқтырған. Олардың басым бөлігі – екпе алмағандар екені анықталған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу