freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана оқушылары онлайн оқитын болды

Қоғам
Астана оқушылары онлайн оқитын болды
Фото: Астана әкімдігі

Ертең, 6 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада бірінші ауысымдаға оқушылар мектепке бармайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласы Білім басқармасы оқушылар онлайн оқитынын мәлім етті.

«2026 жылғы 6 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 6 ақпан күні Астанада қалың қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман, күндіз бұрқасын болжанып отыр. 

Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с, ал таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-3°С, күндіз одан әрі төмендейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу